21
апрель
2023
"Ақпараттық сауаттылық- тұлға құзыреттілігінің кепілі" тақырыбында семинар өтті.
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында "Ақпараттық сауаттылық- тұлға құзыреттілігінің кепілі" тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында ICILS халықаралық зерттеуі туралы айтылды. Зерттеуде білім алушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы, IT- құзыреттілігінің қалыптасу деңгейі, ақпараттық өнім мен сандық коммуникация құру деңгейі бағаланады. ICILS тапсырмалары нақты өмірлік жағдайларға бағытталып, бес тақырып аясында құрылған. Пән мұғалімдеріне академиялық, әлеуметтік және экологиялық контексте әртүрлі аспектілерді қарастыратын тапсырмалар үлгісі таныстырылды