27
февраль
2023
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 24 ақпан күні жерлесіміз, қазіргі қазақ журналистикасының бас ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашұлына арналған ғылыми жоба байқауы болып өтті.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 24 ақпан күні жерлесіміз, қазіргі қазақ журналистикасының бас ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашұлына арналған ғылыми жоба байқауы болып өтті. Ғылыми жоба Намазалы Омашұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Байқауды мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы кіріспе сөзбен ашты.Байқауға 3-8 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың әділқазы алқасы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Султанкулова А.С, Бектіғұлова Н.М.және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кибраева Н.А. Жоба бойынша 4«Г» сынып оқушысы Нурхожа Кәусар, 4«Д» сынып оқушысы Абдібай Аделя, 5 «Б» сынып оқушысы Кубиева Амира, 8 «В» сынып оқушысы Курбанахунова Дияра 3-орынды, 6«Ә» сынып оқушысы Нуридин Айару, 7«Г» сынып оқушысы Қойшы Кәусар, 3«Ә» сынып оқушысы Абаев Ердәулет 2-орынды,
4 «Б» сынып оқушысы Бейсенбай Нурания 1-орынмен марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен оларды дайындаған жетекші мұғалімдерге шығармашылық табыстар тілейміз
4 «Б» сынып оқушысы Бейсенбай Нурания 1-орынмен марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен оларды дайындаған жетекші мұғалімдерге шығармашылық табыстар тілейміз