28 ноябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 2022 жылдың 26 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылды. Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Агаева Ясмин биология пәнінен «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» бағыты бойынша, 10 «В» сынып оқушысы Хальфутдинова Алсу орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» бағыты бойынша ІІІ орындарды иеленді. Жетекші мұғалімдері- биология пәнінің мұғалімі Банникова Тамара Борисовна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каймалакова Нағима Үйсінбайқызы. Жүлдегер оқушыларды және оларды дайындаған пән мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!!!