24
февраль
2023
Дебат тақырыбы: «Роботтар көтерілісі болуы мүмкін бе?»
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында «Математика және информатика» әдістемелік бірлестігінің айлығы барысында информатика пәні мұғалімі Отарбаева Аида Абенқызы дебат турнирін өткізді.
Бұл пікірталасқа 10 А, Ә сынып оқушыларынан құралған жақтаушы және даттаушы тобы қатысты. Дебат тақырыбы: «Роботтар көтерілісі болуы мүмкін бе?»
Дебат мақсаты: - Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- «Роботтар көтерілісі болуы мүмкін бе?» тақырыбында ой қозғату;
- Әлемдегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне назар аударту;
Дебат барысында тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетілді («Youtube» арнасынан үзінді сюжет). Роботтардың тиімсіз және тиімді жақтары туралы ақпарат алды, білім алушылардың ой- пікірін дамытып, дүниетанымын арттыру мақсатында рухани - адамгершілік тәрбие беріп, роботтарды пайдаланудың тиімді - тиімсіз жақтарына тоқталды. Осы жайында оқушылар өз ой - пікірлерін таразыға салып, көрсете білді. Екі тарап та соңына дейін өз ұстанымдарын берік ұстап, пікірталастырып, діттеген мақсаттарына жетті. Дебат барысында балалардың сөз саптауларына, әрбір уақыттарын ұтымды пайдаланғандарына, шеберліктеріне тәнті болдық. Екі топ дебаттың тақырыбын ашып, қойылған мақсатқа жетті. Жеңіске жеткен «Ақиқат» тобы арнайы дипломмен марапатталды. Дебат өз деңгейінде қызықты әрі тартымды өтті.