26
декабрь
2022
"Үш-үштен заттар комбинациясы"
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының бастауыш сыныптары айлығының жоспары бойынша 23 желтоқсан күні В.К.Намазова 2 "Ә"сыныбында математика пәнінен "Үш-үштен заттар комбинациясы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: қоршаған әлем заттарынан үш-үштен комбинациялар құру. Мұғалім ашық сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді,оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланды. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды.Саралау тапсырмалары берілді.