16
ноябрь
2022
Мектебіміздің намысын қорғаған
Балалар жылына орай және еңбек ардагері Садыбайұлы Ділдетайды еске алуға арналған 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен Меркі ауданының ашық біріншілігі болып өтті. Мектебіміздің намысын қорғаған 7- сынып оқушылары Дүйсенқұл Алихан және Ербосын Маулен жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі І орындарды иеленді. Жаттықтырушысы - Жамантаев Ж.Д. Жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар тапсырылды.