TED –конференция по профилактике правонарушений.
2022 жылдың 26 қазанында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Құқықтық білім беру» айлығының аясында 9-10 сыныптар арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында мектепішілік тәрбиелік іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың арасында құқықтық мәдениеттілікті арттыру.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова С.А, директордың құқық жөніндегі орынбасары Шидакова Л.А, Меркі АПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Омарова Д.Т, Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Оспанбеков Е.А, Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Килебаева Г қатысып, оқушылар алдында сөз сөйледі.
Аталған іс- шараны тарих пәнінің мұғалімі Тұрсынов Жасұлан Есқалиұлы ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Ол іс- шараның басында өтілу форматы- TED –конференция екенін түсіндіріп өтті. Іс-шараның басым бөлігінде спикерлер өз баяндамаларын оқыды:
- 10 «А» сынып оқушысы Бидас Ардақ
- 10 «А» сынып оқушысы Рахым Асыл
- 10 «Ә» сынып оқушысы Мұрат Ұлан
- 10 «Г» сынып оқушысы Жақан Аруна
Оқушылар презентацияны пайдалана отырып, қолжетімді формада төмендегі тақырыптарды талдап, мән- мағынасын ашып берді:«Жестокое воспитание в семье, «Буллинг және онымен күресу жолдары», «Кибербуллинг және буллинг»,«Зорлық- зомбылыққа жол бермейік».
Іс- шара соңында оқушылар өздері қызықтырған сұрақтар қойып, тыңдалған ақпараттар бойынша өз ойларымен бөлісті.