22 октябрь 2022 0 1 2 3 4 5 "Тіл жүйріктері" 2022 жылдың 20 қазанында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестік айлығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері З.К.Асубаева, А.Қ.Досмухамбетова 6-сынып оқушылары арасында "Тіл жүйріктері" атты интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: қазақ тілінің құдіреті туралы түсініктерін кеңейту және дамыту; қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосу, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сайыстың I кезеңі бойынша оқушылар өздерін таныстырып өтті. II кезеңде "Сөйлей-сөйлей шешен боласың..." сурет бойынша әңгіме құрастырды.Ары қарай жұмбақтардың шешуін тауып, орыс тіліндегі аудармасын атады.Келесі кезеңде "Асық ойыны" болды.Сайыскерлер бұл кезеңде өздеріне берілген сұрақтарға жауап берді. Капитандар сайысында топ басшылары өз отбасы туралы айтып берді. Соңғы кезеңде оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың соңында әділқазы алқасына сөз берілді.Екі топтың ұпай санын есептеп, қатысқан оқушыларды марапаттады. Пән мұғалімі Суюндикова И.Ш. 5"И" сыныбымен ашық сабақ көрсетті.Сабақтың тақырыбы: "Қасқыр мен тиін".Сабақтың мақсаты: фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну, лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану. Сабақтың өтілу барысында ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланды.Сабақ барысында "Ребус", бейнебаян, "Серпілген сауал" "Кім жылдам?", "Дұрыс-бұрыс" әдістерін пайдаланды. Балалардың сабақты қалай меңгергенін "Білім диаграммасы"арқылы бақылап шықты.