22
апрель
2022
Жас мамандар онкүндігінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қайыпжанов Р.С. 7 «Б», «В», «Д», «Ж» сыныптарымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық-зияткерлік сайысы өткізді
Жас мамандар онкүндігінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қайыпжанов Р.С. 7 «Б», «В», «Д», «Ж» сыныптарымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық-зияткерлік сайысы өткізді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. «Бәйге» айдары 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары Quizizz.com сайты арқылы іске асты. ІІ кезең "Сен білесің бе?" айдарымен ұласты. ІІ кезең ережесі бойынша 4 санаттан тұратын сұрақтар жасырынған ұяшықтар берілді. Әр ұяшықта сұрақтың күрделілігіне байланысты тиісті балдар белгіленген. Әр ойыншы кез келген санаттың ұяшығын таңдай алады. ІІІ кезең "Жорға" деп аталды. Сайыскерлер сөздердің антонимдерін тауып, оларды орыс тіліндегі баламасымен атады.Шешуші айқас ІV кезеңде қарсыластар арасында тартыс қыза түсіп, оқушылар өздерінің "Полиглот" екенін дәлелдеді. Айналымның шарты бойынша берілген жұмбақтың шешімін тауып, 3 тілге аудару кезінде де еш қиыншылықтар кездеспеді.Сайыс қызықты өтті.