"Біз үрейден құтыла аламыз" тақырыбында тренинг өтті.
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында ICILS халықаралық зерттеуіне қатысатын 8 "А", "В" сынып оқушыларымен мектеп психологтары "Біз үрейден құтыла аламыз" тақырыбында тренинг өтті. Қатысқан оқушылар саны - 48. Тренинг оқушылардың жағымсыз уайымды жеңу, бойдағы үрей мен қорқынышты төмендету, эмоциялық қобалжуды басу мақсатында жүргізілді. Тренинг соңында оқушылардың өз-өзіне деген сенімділіктері артып, көңіл-күйлері көтерілді.