Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама
01
ноябрь
2023

Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама

Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама

/Н.Г.Лусканов бойынша/


10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап – 0 балл, бейтарап – 1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20 – 24 балл ортаңғы норманы, 15 – 19 балл ішкі мотивацияны, 10 – 14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс көзқарас, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.


Сауалнама сұрақтары


·Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?

·Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келе ме?

·Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

·Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма?

·Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

·Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?

·Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

·Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнай ма?

·Сенің сыныпта достарың көп пе?

·Сыныптастарың саған ұнай ма?


Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:

Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген, мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды, өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды, тапсырмаларды мұқият орындайды, сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей -  оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді, бағдарламаның негізгілерін меңгереді, тапсырмаларды өзбетінше орындайды, оларды орындауда мұқия, бірақ бақылауды талап етеді, сабаққа қызығушылықпен дайындалады, сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді, көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагменталды меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив