«Түнгі қаладағы балалар» акциясы
2023 жылғы 3-24 ақпан аралығында "Құқықтық білім айлығы" шеңберінде құқық бұзушылықтар мен кәмелетке толмаған балалардың ата-анасының қарауынсыз қалмауының алдын алу бойынша түнгі және күндізгі рейдтер өткізілді. Осы рейдтер барысында мектеп инспекторы Г. Б. Килебаева мектеп әкімшілігінің мүшелері және жауапты мұғалімдер өз мектеп территориясының көшелеріне, ойын-сауық мекемелеріне, кинотеатрларға, стадионға, саябақ пен көшелерге барды.