28 сентябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» Иван Трубицын атындағы ЖОББМГ-да 28.09.2022 жылы 7 "Г" сынып оқушыларымен, сынып жетекшісі Аширбекова Камила Жумабекқызы 1-қазан қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: үлкенді сыйлау, қарттарымызды қадірлеу, немерелерінің оларға деген сый-сыяпатын ән-билерімен жеткізе білуге тәрбиелеу.Тәрбие сағатында Қайырғали Айсезім "Балбырауын" күйін тартты, қыздар "Шашу биін" билеп, ұл-балалар тақпақтарын айтты және де "Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді" деген мән-мағыналы көрініс қойды. Сабақ соңында Жеткербай Алияның орындауында "Әжем қайда?" әнін орындап келген қонақтарды тәнті етті. Келген апа-әжелерімізден бата алып, оларға арнайы сыйлықтар берілді. Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркімде жақсы түсінеді. Үлкендерімізге көңіл бөліп, хал-жағдайларын сұрап тұрғаннан артық бақыт жоқ екенін ұмытпайық.