29
май
2026
№5 педагогикалық кеңес


✅Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында №5 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. 4-педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.
2. 2-11-ші сынып оқушыларының білім сапасының мониторингісі. 1-4 сынып оқушыларының сыныптан-сыныпқа көшірілуі;
3. 9, 11-сынып білім алушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу.
4. Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық деңгейін диагностикалау, пән бірлестіктерінің рейтинг қорытындысы
5. Білім алушылардың мектеп жанындағы және тау бөктеріндегі жазғы демалысын ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасы балаларының лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау. «Лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау туралы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының орындалуы
6. 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп формасы талаптары
Педагогикалық кеңес барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, оқу жылы барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, білім алушыларды түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға дайындауда жетістік көрсеткен педагогтер марапатталды. Кеңес соңында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, нақты тапсырмалар жүктелді.