30
апрель
2026
Құттықтаймыз!!!🎉


Құттықтаймыз!!!🎉
“Оқуға құштар мектеп” жобасы мен “Балалар кітапханасы” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен “Бала би” аудандық зияткерлік байқауында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы жүлделі І орынға ие болды.
📍Аталған байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шешендік өнерге деген қызығушылығын арттыру, сөз мәдениетін қалыптастыру және тапқырлық қабілеттерін дамыту.
✨Байқауға 8 “А” сынып оқушысы Ашимхан Нұрәлі, 7 “Г” сынып оқушылары Берік Ақерке мен Алихан Арнұр қатысып, өз білімдері мен өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде оқушылар жүлделі орынға қол жеткізді.