23
апрель
2026
«Балалар жазушылары»

🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балалар жазушылары» тақырыбында жаңа есімдермен таныстыру шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазіргі балалар әдебиетінің жаңа өкілдерімен таныстыру, олардың шығармалары арқылы кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және әдеби талғамын қалыптастыру.
📍Шара барысында оқушыларға заманауи балалар жазушыларының шығармалары таныстырылып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, қысқаша пікір білдіріп, әсерлерімен бөлісті.
📍Аталған іс-шара оқушылардың жаңа әдеби бағыттармен танысуына мүмкіндік беріп, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.