Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Иван Трубицын атындағы № 17 ЖОББМГ бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыру бойынша жұмысының қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
Меркі ауылы 06.03. 2026 жыл
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2026 жылдың 3 наурыз № 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысына мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді:
- Ас ішетін блокта қол кептіргіштердің жұмыс жасауын қадағалап, іске қосуын ДШІЖО К.Ж.Тажибаеваға жүктелсін.
- Ас дайындайтын блокта электр пешінің жұмысын ретке келтіру электрик Н.Садыгулов және ДШІЖО К.Ж.Тажибаеваға жүктелсін
- 2026 жылдың 14 қарашасынан бастап бастауыш 1-4 сыныптар мен 5-11 сыныптарда оқитын жекелеген санаттағы, жалпы саны 806 (сегіз жүз алты ) білім алушының мектеп асханасындағы тамақтануы мектеп әкімшілігі мен комиссия тарапынан қатаң бақылансын.
- Тамақтану бойынша атқарылатын жалпы жұмыс бағыты комиссия тарапынан үздіксіз қадағалансын.