04
март
2026
Ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 7 “Г” сынып оқушылары арасында әдеби шара


📚 “Балалар кітапханасы” жобасы аясында
Ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 7 “Г” сынып оқушылары арасында әдеби шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы тиетін өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына деген құрметтерін білдірді.
Кітапханашы Мырагулова А.А. оқушыларды арнайы дайындалған көрмемен таныстырып, Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді.
Тағылымы мол кеш жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухты дәріптеуге бағытталды.