23
февраль
2026
🎉Қуанышты жаңалық!


🎉Қуанышты жаңалық!
Қарағанды қаласында өткен республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар байқауында мектебіміздің мақтанышы Мукашев Дамир күміс медаль иегері атанды!
Бүгін жеңімпазымызды мектеп ұжымы мен сыныптастары ерекше ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды. 👏
Бұл – табандылық пен үздіксіз ізденістің нәтижесі! Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каймалакова Нагима Уйсинбаевнаға шығармашылық табыс, ал Дамирге алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруын тілейміз! 🌟