17
февраль
2026
🎉Мектебіміздің мақтанышы, 8 «Г» сынып оқушысы Құдайберген Санжар


🎉Мектебіміздің мақтанышы, 8 «Г» сынып оқушысы Құдайберген Санжар жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
⚜️Дайындаған жетекшісі Қайыпжанов Руслан Сағатбекұлы.
Санжар «Дариға, домбырамды берші маған» атты аспаппен ән орындау бағыты бойынша бақ сынап, Мұқағалидың “Есіңе мені алғайсың” әнін орындады. Хан тәңірі мұзбалағының рухты жырларын әуезді әнмен тербеген оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Өнерің өрлей берсін, Санжар! Қазақтың қара домбырасы қолыңнан түспей, биік белестерді бағындыра бер!