«Жапсырмаға бес секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жапсырмаға бес секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың»
16
февраль
2026

«Жапсырмаға бес секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың»




🔰«Жапсырмаға бес секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбындағы тәрбие сағаты 9 «Ә» сыныбында Иван Трубицын атындаға №17 ЖОББМГ жоспарға сәйкес өткізілді.
📌Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға тағам өнімдерінің жапсырмасындағы ақпараттың маңызын түсіндіру, зиянды қоспаларды ажырата білуге үйрету және саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру. Сынып сағаты «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Дүкеннен тағам сатып аларда ең алдымен неге назар аударасың?» деген сұрақ қойылудан басталды.. Оқушылар өз ойларын айтып, көпшілігі баға мен сыртқы көрініске мән беретінін жеткізді. Осы арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, мақсат-міндеттері таныстырылды. Жапсырманы оқудың денсаулық үшін маңыздылығы туралы қысқаша кіріспе түсіндірме берілді. Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетілді. Көру барысында оқушыларға негізгі мәселені анықтау және жапсырманы оқымаудың салдарын байқау тапсырылды. Видео аяқталғаннан кейін мазмұны талданып, пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар жапсырмадағы қант, тұз, тағамдық қоспалардың адам ағзасына әсерін талқылады. Сабақ соңында «Бес секунд ережесі» қорытындыланды, яғни кез келген тағамды сатып аларда кемінде 5 секунд уақыт бөліп, жапсырмасын оқу керектігі айтылды. «Бүгіннен бастап мен…» әдісі арқылы оқушылар өз шешімдерін білдірді. Рефлексия барысында көпшілігі бұдан былай тағам құрамына назар аударатынын атап өтті. Нәтижесінде оқушылардың тағам өнімдерін саналы таңдау туралы түсінігі қалыптасты.
9 «Ә» сынып жетекшісі: Таубаева Дамира Серикхановна
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив