10
февраль
2026
«Мұқағали өлеңдері — ұлт рухының айнасы» тақырыбында эссе жазу байқауы






🔰Мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған жоспар аясында жоғары сынып (9-11 сынып) оқушылары арасында «Мұқағали өлеңдері — ұлт рухының айнасы» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.
📌Байқаудың мақсаты: Оқушылардың ақын шығармашылығына деген көзқарасын білу, ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілетін қолдау.
Жас қаламгерлердің еңбегін саралаған әділқазылар алқасы үздік шығармаларды анықтады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен
Қазақ поэзиясының інжу-маржаны — Мұқағалидың өлеңдер жинағы табысталды.
Кітап — ең қымбат сыйлық! Шәкірттеріміздің қаламы ұшталып, ойы тереңдей берсін.