10
февраль
2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС! «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ


🥈🏆РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС! «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
⚜️Мектебіміздің абыройын асқақтатқан айтулы жаңалық!
Білім мен ғылымның шыңын бағындыруды мақсат еткен жас зерттеушілеріміз — Бейбітұлы Нұрасыл мен Абаева Еркежан Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары байқауында ІІ орын иегерлері атанды! 🥈✨
⚜️Бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең зерек, ең білімді 2-7 сынып оқушылары бақ сынаған болатын. Біздің шәкірттеріміз өздерінің жобаларын жоғары деңгейде қорғап, қазылар алқасын таңғалдырды.
Оқушыларымызды және жетекшіcі Оразова Ардақ Таерқызын осынау биік белестерімен құттықтаймыз! Бұл — ұзақ ізденіс пен қажырлы еңбектің жемісі.
Болашақ ғалымдарымызға сәт сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас қырандар!