Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Иван Трубицын атындағы № 17 ЖОББМГ бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыру бойынша жұмысының қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
Меркі ауылы 19.12. 2025 жыл
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2025 жылдың 19 желтоқсанда № 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысына мониторинг жүргізді.
Бүгін, 2025 жылдың 19 желтоқсанда комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сйкесқызмет ету жұмысынакезекті ретмониторинг жүргізді. Мониторинг барысында асхананың ас ішітін блокта қол кептіргіштердің біреуі жұмыс істемеді және ас дайындайтын блокта электр пешінің бір көзі істен шыққан.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді 5 жұмыс күні ішінде жою туралы келесі ұсыныстар берілді.