13
декабрь
2025
«Елім менің – Тәуелсіз Қазақстан»



🔰2025 жылдың 11 желтоқсан күні
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 2 сыныптар арасында
Тәуелсіздік күніне арналған «Елім менің – Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік кеш өтті.
📎Оқушылар ән салып, би билеп, тақпақтарын жатқа айтып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Балалардың белсенділігі мен өнері көпшіліктің көңілінен шықты.