05
декабрь
2025
Әдеп мәдениеті – мұғалім имиджінің негізі!



✨ Әдеп мәдениеті – мұғалім имиджінің негізі!
2025 жылдың 5 желтоқсанында мектебімізде Әдеп кеңесі мүшелеріінің қатысуымен жас мамандарға арналған “Мұғалімнің сыртқы келбеті және кәсіби имиджі” тақырыбында ақпараттық сессия өтті.
📌Сессия барысында педагогтің сыртқы келбетінің кәсіби беделге әсері, әдеп нормаларын сақтау, өзін-өзі ұстау мәдениеті және мұғалім имиджін қалыптастырудың негізгі қағидалары талқыланды.
Жас мамандар практикалық мысалдар арқылы кәсіби имидж қалыптастырудың маңызды қырларымен танысты, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Іс-шара мұғалімдердің кәсібилігін арттыруға және педагогикалық ортада әдеп мәдениетін нығайтуға бағытталды.
Жас мұғалімдер пайдалы кеңестер алып, тәжірибе бөлісіп, кәсіби дамуға бағытталған жаңа идеялармен толықты.
📚 Жақсы имидж – сенімділік пен абыройдың кепілі!