10
декабрь
2025
«Біз таңдаған жолдар» концерттік бағдарлама
2025 жылдың 10 желтоқсан күні мектеп кинозалында«Еңбегі адал- жас өнер» жобасы аясында «Біз таңдаған жолдар» атты мектепішілік концерттік бағдарламасы болып өтті. Бұл бағдарлама 2025 жыл –Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, жасөспірімдерге болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды түрлі мамандық түрлерімен таныстырып, еңбек адамдарының мектеп өміріндегі рөлін дәріптеуге бағытталған тәрбиелік мәні зор мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.
Концерттік бағдарламаға мектептің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған медбикелері, кітапханашысы, мектеп электригі мен еден жуушы жұмысша мамандары қатысып, балаларға еңбек адамдарының өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, олардың бастан өткерген тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың шығармашылық өнері ұсынылып, ән, бимен ұласса, мектеп басшылығы тарапынан еңбек адамдарына алғыс білдіріліп, кішігірім сыйлықтар табысталады.
Бұл концерттік бағдарлама — жас ұрпақты еңбекқорлыққа, мамандыққа құрметпен қарауға, өз қабілетін танып, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға шақыратын тәрбиелік шара болып табылады.