03
декабрь
2025
«Мамандық таңдау – жетістік кілті!»
2025 жылдың желтоқсан айында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Адал азамат” біртұтас бағдарламасының “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясында «Мамандық таңдау – жетістік кілті!» тақырыбында 9 сынып білім алушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыру мақсатында қолөнер шебері, тігінші Сергелбекова Сабыркүль Асылбекқызы мен Меркі ауылдық округінің әкімі Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара шымылдығын мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатқызы ашып, оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, мамандық таңдаудың өмірлік маңызын атап өтті. Қонақтар табысты болудың жолдары, еңбекке деген құрмет пен кәсіптік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылармен ашық пікір алмасты. Мамандық таңдау, кәсіпкерлікке бастар жол, мақсат қою, тәуекел ету сияқты тақырыптар қамтылады, әрбір қатысушы өз болашағы туралы ой түйіп, жеке жолын табуға бағыт алады.
Мақсаты: Жастарға кәсіпкерлік туралы түсінік беру, табысты кәсіпкердің жеке тәжірибесімен таныстыру; Оқушыларға өмір жолын, мамандық таңдауды саналы түрде қарастыруға бағыт беру; «Мамандық таңдау – жетістік кілті!» қағидасы арқылы әр адамның өзіне лайық жол таңдауына шабыт беру; Оқушылардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын оятып, болашақта өз ісін бастауға мотивация беру.