07
ноябрь
2025
«Кәсіптік бағдар-болашаққа жол: заманауи мамандықтар»
2025 жылдың 7 қарашасы күні мектебіміздің кәсіптік бағдар беруші педагогтері Анафияева Д.Д., Кемелбекова Б.Ж. ұйымдастыруымен 2025 жыл Жұмысшылар жылына орай «Кәсіптік бағдар-болашаққа жол: заманауи мамандықтар» атты аудандық семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға заманауи еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру, кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру және мектептердегі кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастырудағы озық тәжірибемен бөлісу.
Семинарға № 9 Меркі колледжінің әдіскері "Дәнекерлеу ісі" мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Мәдібаева Жазира Седуалықызы және ауданымыздың білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Мұратбекқызы мен аудан мектептерінің кәсіптік бағдар беру педагогтері қатысты.
Бастауыш сынып білім алушыларының өздері таңдаған мамандық иелерін киім үлгісімен және көрмелерімен таныстырып өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева С.М. «Кәсіптік бағдарлау жұмысын мектептерде тиімді ұйымдастыру жолы» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. 11 «Ә» сынып жетекшісі Талшын Есқалиқызы Тұрсынованың өз сыныбымен «Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын көрсетті, мектебіміздің психологы Лаура Керімқұлқызы Тотаеваның «Сіздің мінезіңіздің мықты жақтары» тренингін жүргізді. Семинар барысында № 9 Меркі колледжінің әдіскері "Дәнекерлеу ісі" мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Мәдібаева Жазира Седуалықызы «Еңбекпен өрілген өмір» тақырыбында басқаларға үлгі өнеге болу мақсатында еңбегімен бөлісті. Кәсіптік бағдар беру педагогтері Анафияева Д.Д. мен Кемелбекова Б.Ж. өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.