11
февраль
2025
Тәрбие сағаты
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында «2025 жыл- Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты тақырыбындағы он күндік іс-шаралар жоспарына сай «Өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлайтын еңбек» тақырыбында тәрбие сағаттарын сынып жетекшілер мен кәсіптік бағдар беруші педагогтары Анафияева Д.Д. мен Кемелбекова Б.Ж. ұйымдастыруымен өткізді. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.