Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
№ 17 ЖОББМГ бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыру бойынша жұмысының қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
Меркі ауылы 18 қазан 2024 жыл
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2024 жылдың 18 қазанда № 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысына мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді:
- Асхананың сақтау қоймасындағы көкөністерге арналған жәшіктерді ретке келтіру аспазшы А.А.Жантаеваға жүктелді;
- Асхананың пісіру цехінде арттық заттарды алып тастау аспазшы А.А.Жантаеваға және ыдыс жуатын қызметкерлерге жүктелді;
Анықталған кемшіліктерді жоюға комиссия тарапынан 5 (бес) жұмыс күні ұсынылды.