05
январь
2024
спортшы Кулыгин Андрей Леонидовичтің 60 жасқа толу мерейтойына арналған волейболдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир болып өтті.
Иван Трубицын атындағы N17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі жерінің тумасы,ардагер ұстаз,спортшы Кулыгин Андрей Леонидовичтің 60 жасқа толу мерейтойына арналған волейболдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир болып өтті.Іс-шараның мақсаты ардагер ұстаздың абыройын арттыру,салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.Жарысқа Алматы,Тараз қалаларынан,Байзақ,Жамбыл,Т.Рысқұлов,Сарысу,Меркі аудандарынан командалар қатысып,тартысты ойын болды.Нәтижесінде 1орын Меркі ауданы 60 мың теңге,2 орын Байзақ ауданы 30 мың теңге,3 орын Байзақ ауданы 25 мың теңге,4 орын Алматы қаласынан келген команда алып, 15 мың теңге ақшалай сыйлықтарға ие болды.