07
декабрь
2023
“Мектеп Парламенті” оқушылардың өзі-өзі басқару ұйымының жиналысы өтті.
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Жанбабаева Г.Б. мен аға тәлімгер Анафияева Д.Д. қатысуымен “Мектеп Парламенті” оқушылардың өзі-өзі басқару ұйымының жиналысы өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Жиналыста парламент мүшелерінің атқаратын жұмыстары мен міндеттері талқыланып, жұмыс жоспарларымен таныстырылды. Сонымен қатар жоспарға сай сапалы жұмыстар жүргізу тапсырылды.