11
май
2020
"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"
Иван Трубицын атындағы 17 ЖББМГ 2 "Г" сыныбы сынып жетекшісі Избасарова Ғ.С. 9 мамыр-Жеңіс күніне арналған "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, халқымыздың тарихын құрметтей білуге тəрбиелеу мақсатында сынып сағаты өтілді. Жеңіс! Біз үшін бұл аса қасиетті сөз. Жеңіс десе біздің есімізге ең алдымен қазіргі майдангер қарияларымыздың жас кезіндегі қолына қару ұстап, соңыс даласында жауларды жеңіп, еліне қайтқан кездегі қуанышты сəті есімізге түседі.