"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23890 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия жәнеинфрақұрылымдық
дамуминистрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы |
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өсір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
2) орта білім беру ұйымы – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беру және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;
4) білім беру ұйымдары – заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бағуды және оларға тәрбие беруді қамтамасыз ететін халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер;
5) білім берудің оқу-сауықтыру ұйымы – балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, олардың демалысы жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) дене шынықтыру – мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;
7) жазу құралдары – жазу дәптерлері, жазуға және сурет салуға арналған құралдар, оларға қаламдар, қарындаштар, фломастерлер, пенал, циркуль, маркерлер, көмір түйірлері, борлар, стерженьдер, грифельдер жатады;
8) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, оларды тәрбиелеу, оларға білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын ұйым;
10) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін дербес құжат;
11) жиынтық оқу жүктемесі – Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөлігі сағаттарының жалпы саны;
12) интернат ұйымдары – тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
13) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрі – КТБО) – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтағанға дейін үш жастан он сегіз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағуды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
14) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
15) мамандандырылған білім беру ұйымы – жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде әзірленген және ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруге, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған негізгі және жалпы орта білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны, спорттық объектілер;
16) мектеп алды сыныптары (0) – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты (жеті) жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;
17) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (бұдан әрі – мектептен тыс объектілер) – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, шығармашылық еңбегіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеуге, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған оқу-тәрбие ұйымдары;
18) оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
19) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне қатысудың нормаланатын жиынтығы;
20) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;
21) оңтайлы микроклиматтық жағдай – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
22) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
23) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
24) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;
25) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
26) септик – шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;
27) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және мәдени бос уақытты ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты ұйымдар;
28) сыныптардың (топтардың) толықтырылуы – сыныптағы білім алушылардың нормаланған саны;
29) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;
31) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
32) шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті аз (5 баладан бастап), біріккен сынып-жиындары бар және оқу сабақтарын ұйымдастыру нысаны ерекше жалпы білім беру мектебі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2022 № ҚР ДСМ-108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
26. Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау, су бұру көзделеді және олар жарамды жағдайда болуы тиіс.
27. Объектілер нормалау құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
28. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.
Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі.
29. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасында биіктігі кемінде он сантиметр болатын шектеу сақинасының болуын көздейді.
30. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.
31. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті ауыз суы мақсатындағы көздерден алынатын су пайдаланылады.
32. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін ауыз-суды пайдалануға жол беріледі, оны жеткізу мамандандырылған автокөлікпен, ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған, уақтылы тазартылатын, жуылатын және дезинфекцияланатын таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда жүргізіледі.
33. Әкелінетін сумен жұмыс істейтін объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған сыйымдылықтар орнатылған жеке үй-жай көзделеді. Сыйымдылықтар таңбаланады ("ауыз су"), олар апта сайын (және қажеттілігіне қарай) жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, тазартылады және дезинфекцияланады. Ауыз суға арналған сыйымдылықтарды өзге де мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған кезде су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және салқын су барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, оның ішінде санитариялық тораптарға, түстену залдарына, тұратын орындарға, медициналық мақсаттағы үй-жайларға, сондай-ақ ас блогындағы араластырғыштар орнатылған технологиялық жабдыққа жүргізіледі.
Сумен жылыту жүйесіндегі ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Сурет салуға және жабыстыруға, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар, шеберханалар, медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су өткізілген раковиналармен, қол жууға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталады.
36. Объектілерді кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген орындарда орналастырған кезде жергілікті су бұру құрылғысы көзделеді. Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тың сарқынды суын қабылдауды объекті аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, гидравликалық бекітпесі бар қақпақтармен (сифондар) жарақталған жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырға, септикке) жүзеге асырады, оларды тазалау уақтылы жүргізіледі.
Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.
37. Өндірістік, қойма үй-жайларындағы, тұрмыстық үй-жайлардағы су бұруға арналған кәріз бағандары сыланған қораптарға салынады.
38. Кәріз жүргізілмеген жерлерде жылы санитариялық тораптар (75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштар (30 адамға 1) орнатылады.
Жылы санитариялық тораптардың жерүсті үй-жайлары және су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. Жылы санитариялық тораптарды жинау күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Қазылған шұңқыр уақтылы тазаланады.
Жобаланатын, салынып жатқан және реконструкцияланатын білім беру объектілерінде кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген жерлерде санитариялық тораптар, оның ішінде жылы санитариялық тораптар объектілердің ғимараттарында орналастырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Объектілердің ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық көзделеді.
40. Селолық елді мекендердегі шағын жинақталған мектептердің бір қабатты ғимараттарында пешпен жылыту құрылғысына жол беріледі. Пешті жағу жеке есігі бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.
41. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады.
42. Үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау керек. Жасанды жарықтандыру үшін жарық диодты, люминесцентті және энергия үнемдеуші шамдарды пайдаланады. Ортақ жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді.
43. Объектінің аумағында сыртқы жасанды жарықтандыру болады.
44. Оқу үй-жайларындағы, ойын және жатын бөлмелеріндегі жарық түсетін ойықтарды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен жабдықтайды.
45. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақ бүйірден табиғи жарықтандыруға және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандыруға жол беріледі. Оқу үй-жайларында терезенің әйнектерін бояуға жол берілмейді.
Терезелердің әйнектелуі бүтін шыны төсемінен орындалады.
46. Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды пайдаланады, оларды плафондармен қамтамасыз етеді.
47. Білім беру объектілерін жасанды жарықтандыру көрсеткіштері нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады.
48. Көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған объектілердегі оқу үй-жайларын (сыныптарды, кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды), сондай-ақ оқу залдарын жасанды жарықтандырудың құрамдастырылған жүйесімен жабдықтайды. Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық жарықтандыру деңгейі мынаны құрайды:
1) жоғары дәрежелі күрделі алыстан көрмейтіндер және жоғары дәрежедегі жақыннан көрмейтіндерге – 1000 люкс (бұдан әрі – лк);
2) торлы қабық пен көру нервісі зақымдалғандарға (көздің қарығуы болмайтын) – 1000 – 1500 лк;
3) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетіндерге – 500 лк-тен артық емес;
4) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк-тен аспауы тиіс;
5) әр жұмыс орнын кемінде 400 лк жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды.
Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітілуі және олардың еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін иілімді кронштейні болады.
49. Істен шыққан шамдар ауыстырылады. Жарамсыз, құрамында сынап бар шамдар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жеке үй-жайда сақталады. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды сақтау және кәдеге жаратуға жіберу объекті басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі.
50. Объектілердің ғимараттары желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көздері болып табылатын жабдықтың үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылады.
51. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде нормалау құжаттарының талаптары сақталады.
52. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асырылады. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізбейді.
53. Станоктарда және тетіктерде жұмыс істеу жылу мен шаңның көп мөлшерінің бөлінуімен байланысты болатын шеберханалар сору-сыртқа тарту желдеткішімен және жергілікті шаңұстағыштармен және сыртқа тарту құралдарымен жабдықтайды.
54. Объектілерде нормалау құжаттарына сәйкес үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.
55. Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының ойын, оқу және жатын үй-жайларында, балаларды тәрбиелеу және олардың тұратын орындарында, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында термометрлер орнатылады.
70. Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толтырылуы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
71. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
72. Жалпы білім беру ұйымдарындағы апталық оқу жүктемесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нормалардан аспауы тиіс.
Кестедегі сабақтар саны ата-аналар комитетімен келісіледі.
73. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
74. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады.
Күн сайынғы оқу жиынының салмағы:
1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 килограмм (бұдан әрі – кг);
4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;
6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;
8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг - нан аспауы тиіс.
Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады.
75. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
76. Мектеп алды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс.
77. ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларының оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарыбелгіленеді.
78. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдары жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие қызметін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеген уақытта тамақтандыруды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде осы Санитариялық қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек-орын жабдықтары (жайма, жастықтың тысы, көрпенің тысы) және кемінде екі орамал (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
79. Өндірістік практика оқу-тәрбие процесінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің технологиялық жабдықты жөндеуіне жол берілмейді.
80. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады.
81. Оқу жиhазын іріктеп алуды білім алушылардың бойына сәйкес жүргізеді. Оқу жиһазының өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.
82. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады.
Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер:
есту, көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілер тақтаға жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге;
жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы қабырғадан алыс отырғызылады.
83. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.
84. Физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау болғанда) су және кәріз жүргізу көзделеді.
Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады.
85. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады.
86. Оқу шеберханаларында мамандандырылған верстактарда және үстелдерде жұмыс істеу кезінде өздерінің мақсатына сәйкес арқалығы жоқ көтеріліп-бұрылатын отырғыштар қолданылады.
87. Шеберханалар шуы аз жабдықпен жарақталады, шу мен діріл деңгейлері нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
88. Спорт залдарының жанындағы киім шешетін орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады.
89. Спорттық төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады.
90. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады.
Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты болуы тиіс.
91. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су құятын қолжуғыштарды орнатуға жол беріледі.
92. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар жабық кабиналарда орналастырылады, білім беру объектілерінің мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады.
Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік осы Санитариялық қағидаларларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін санитариялық құралдардың орнатылуы және оларға қажеттілік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нормаланады.
93. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
7-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
101. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылады.
102. Тамақ ішу арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.
103. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.
104. Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық ұтымды, үйлестірілген мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
105. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.
106. Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының массасы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.
107. Осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін ауыстыруға жол беріледі.
108. Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмейді.
109. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.
110. Таңғы ас тағамнан (бірінші немесе екінші) және сусыннан (компот, кисель, шай және шырындар) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемістерді, сары маймен немесе ірімшікпен бутербродтарды таңғы асқа енгізуге немесе жеке қабылдауға жол беріледі.
Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс еті) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.
Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) енгізіледі.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.
Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері, тоқаш немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдер енгізіледі.
111. Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс.
112. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады.
113. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруда көрсетілген тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-аспаптық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларында өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.
114. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
115. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.
116. С витаминімен витаминдеуді балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес деректерді С-витаминдеу журналына енгізе отырып, С витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 миллиграмм мөлшерінде жүргізеді.
117. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.
118. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.
119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:
1) қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.
120. ЖОО-ны қоспағанда білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін өткізетін автоматтарды орнатуға жол берілмейді.
121. Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.
122. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.
123. Ас блогында тәуліктік сынамаларды іріктеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
124. Объектіде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.
125. Объектіде персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалады.
126. Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі.
Объектілердің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады.
127. Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, бұйымдарды (сағаттарды, сақиналарды, білезіктерді) шешеді, тырнақтарын қысқа етіп қиады және оларды лакпен боямайды.
Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмейді.
Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталады.
128. Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмейді.
129. Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раквиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар орнатылады.
130. Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етіледі.
131. Білім беру объектілерінде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Медицина қызметкері болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы жүзеге асырады.
132. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, КТБО-ға жаңа келіп түскен білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін изолятор бокстар көзделеді.
133. Білім беру объектілерінде медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны медицина қызметкерінің кабинетін және емшара кабинетін қамтиды.
Тұратын орындар ұйымдастырылатын объектілерде, жатақханаларда бірінші қабатта изоляторы бар медициналық пункт көзделеді.
134. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында биіктігі 1,2 м әйнектелген қалқа құрылғысы бар медициналық кабинетпен көрші орналасуы тиіс.
135. Білім алушылар аз уақыт болатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мектептен тыс объектілерде медициналық кабинет көзделмейді.
136. Емшара кабинетінде профилактикалық егулер жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен профилактикалық егулерді бір мезгілде жүргізуге жол берілмейді.
137. Селолық елді мекендерде орналасқан ұйымдарда медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде медициналық пункттер үшін ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.
138. Медициналық пунктті жарақтандыруға арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың ең аз тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшада белгіленген.
139. Эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша ықтимал қауіпті қалдықтарға жататын медициналық қалдықтар пайда болған кезде оларды "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына сәйкес залалсыздандырады және жояды.
140. Аурудың созылмалы түрлерімен, тәуекел факторларымен диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ жекелеген жіті аурулармен ауырған білім алушылар мен тәрбиеленушілер құрылған жоспарға сәйкес диспансерлік бақылауға және сауықтырылуға жатады.
141. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылықтың алдын алуға және оны төмендетуге бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспары жасалады.
142. Білім беру ұйымдарына түсетін білім алушылар мен тәрбиеленушілер медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
143. Білім беру объектілерінің қызметкерлері мен ас блогының персоналында жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болады.
144. Іріңді тері аурулары, іріңдеген тіліктер, күйіктер, жаралары бар адамдар, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар немесе олардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен және тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін және дәрігердің қорытындысына дейін жұмысқа жіберілмейді.
145. Медицина қызметкері мектептен тыс объектілерден басқа объектілерде медициналық кабинетті, құжаттаманы және жататын контингентті профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізуге дайындауды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, персоналды вакцинациялауды жүргізеді.
146. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 4-нысанына сәйкес деректерді ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына тіркеу арқылы ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізеді;
2) жыл сайын және сұрау салу бойынша сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды өткізу, денсаулық жағдайы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бөлу (денсаулық топтары), дене бітімінің дамуы, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру топтары бойынша ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады;
3) он күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 5-нысанына сәйкес оны кейіннен түзете отырып және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.
147. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, сондай-ақ профилактикалық мақсатта білім беру ұйымының басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлері санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.
148. Білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету Кодекстің 7-бабы 82) тармақшасына сәйкес бекітілетін Медициналық қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
149. Медициналық кабинеттерде өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен жабдықтар мен мүкәммалға санитариялық-дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.
150. Білім беру объектілерінде осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес медициналық құжаттама жүргізіледі.
151. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен белгілінеді.
Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
152. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылаған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен:
1) білім беру объектілері үй-жайларының толтырылуына (адамдардың кабинеттерде, корпустарда, аудиторияларда, спорт, акт залдарында, сыныптарда, топтарда, асханаларда бір мезгілде болуы);
2) білім алушылар, педагогтар контингентіне және персоналға;
3) сабақтың ұзақтығына;
4) көпшілік пайдалану орындарын (оқу залдары, спорт және акт залдары) пайдалануды шектеуге;
5) интернаттар мен жатақханалардың толтырылуына қойылатын шектеулер айқындалады.
Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
153. Білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің форматы (штаттық, аралас, қашықтықтан) республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады.
"Білім беру объектілеріне |
Зертханалық-аспаптық зерттеулер
№ | Сынама алу орны | Зертханалық зерттеулер, саны (бірлік) | Зерттеу кезеңділігі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру, тәрбеиелеу, тұру орындарының ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары | ||
1.1 | ас блоктары | микробиологиялық зерттеулерге тамақ өнімдерінің (шикізат) сынамалары | ағымдағы қадағалау тәртібінде |
микробиологиялық зерттеулерге алынатын дайын тағамдардың сынамалары | ағымдағы қадағалау тәртібінде | ||
микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамалары | ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) | ||
тағамдардың құнарлығы | ағымдағы қадағалау тәртібінде | ||
термиялық өңдеу сапасы | ағымдағы қадағалау тәртібінде | ||
сыртқы орта шайындылары | ағымдағы қадағалау тәртібінде | ||
дезинфекциялау құралдарындағы хлордың қалдығын айқындау | ағымдағы қадағалау тәртібінде | ||
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су | ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) | ||
персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша | ||
1.2 | қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар | температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылыту маусымы кезеңінде жылына бір рет) |
1.3 | зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктары | желдетудің, шудың тиімділігін зерттеу | ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) |
1.4 | су тарату крандары - ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары | су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы санитариялық қадағалау |
1.5. | құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары | бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
1.6 | ыдыстарға өлшеп-құйылған суды пайдаланатын объектілер | ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда) | ағымдағы қадағалау тәртібінде |
1.7 | жабық жүзу бассейндері және ванналар | бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге алынатын су сынамалары | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
1.8 | компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер | жұмыс орындарындағы электромагниттік, электростатикалық өрістердің кернеуі, аэроиондардың шоғырлану және униполярлық коэффициент деңгейі, шу | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
1.9 | оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет | жасанды жарықтандыру деңгейі | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
1.10 | пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын үй-жайлар, медициналық кабинеттер | ауа ортасын зерттеу | ағымдағы қадағалау тәртібінде |
1.11 | ойын алаңдарындағы құмды алаңқай | топырақты зерттеу | ағымдағы қадағалау тәртібінде мамырдан бастап қыркүйекке дейінгі кезеңде |
1.12 | балалар тауарларының ассортиментін сатып алуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары | балалар тауарларының ассортименті (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыс, гигиена құралдары және басқалары) | жылына бір рет |
"Білім беру объектілеріне |
Жалпы білім беретін ұйымдардағы апталық оқу жүктемесі
Сынып | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Жүктеме сағатпен, аптасына | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | ||
Ең көп оқу жүктемесi | 22 | 24 | 25 | 29 | 29 | 33 | 33 | 34 | 36 | 38 | 39 | 39 | ||
"Білім беру объектілеріне | ||||||||||||||
Қиындығы бойынша пәндердi саралау кестесi
№ | Пән | Балл саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Математика, орыс тiлi (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн), Математика, қазақ тiлi (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн) | 11 |
2 | Шет тiлi, пәндерді шет тiлiнде оқу | 10 |
3 | Физика, химия, информатика, биология | 9 |
4 | Тарих. Адам. Қоғам. Құқық. | 8 |
5 | Қазақ тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн) Орыс тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн) | 7 |
6 | Жаратылыстану, география, өзін-өзі тану, алғашқы әскери дайындық | 6 |
7 | Дене шынықтыру | 5 |
8 | Еңбек, технология | 4 |
9 | Сызу | 3 |
10 | Бейнелеу өнері | 2 |
11 | Ән сабағы | 1 |
Жас ерекшелігіне байланысты граммен тағам порцияларының массасы
Тамақ ішу, тағам | Жасы | |||
6-жастан 11 жасқа дейін | 11-18 жастағы | |||
1 | 2 | 3 | ||
Бірінші тағам | 200-250 | 250-300 | ||
Екінші тағам: | ||||
Гарнир | 100-150 | 150-180 | ||
Ет, котлет, балық, құс еті | 80-150 | 100-180 | ||
Көкөніс, жұмыртқа, сүзбе, ет тағамы және ботқа | 150-200 | 200-250 | ||
Салат | 60-100 | 100-150 | ||
Үшінші тағам | 200 | 200 | ||
"Білім беру объектілеріне | ||||
№ | Ауыстыруға жататын өнім | Граммен салмағы | Ауыстыратын өнім | Граммен салмағы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
1 | Сиыр еті | 100,0 | 1-санатты сүйегі бар кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті | 100,0 | ||
1-санатты сүйегі жоқ кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті | 80,0 | |||||
1-санатты жылқы еті | 104,0 | |||||
құс еті | 100,0 | |||||
1-санатты субөнімдер: бауыр, бүйрек, жүрек | 116,0 | |||||
пісірілген шұжық | 80,0 | |||||
ет консервілері | 120,0 | |||||
балық | 150,0 | |||||
жартылай майлы сүзбе | 250,0 | |||||
сүт | 600,0 | |||||
2 | Майы алынбаған сүт | 100,0 | кефир, айран | 100,0 | ||
қойылтылған стерилденген сүт | 40,0 | |||||
кілегей | 20,0 | |||||
майлы сүзбе | 30,0 | |||||
3 | Қаймақ | 100,0 | кілегей | 133,0 | ||
сүт | 667,0 | |||||
4 | Сүзбе | 100,0 | сүт | 333,0 | ||
ірімшік | 40,0 | |||||
сүзбе ірімшік | 80,0 | |||||
қаймақ | 50,0 | |||||
кілегей | 66,0 | |||||
5 | Ірімшік | 100,0 | сиырдың сары майы | 50,0 | ||
қаймақ | 125,0 | |||||
сүзбе | 250,0 | |||||
сүзбе ірімшік | 200,0 | |||||
сүт | 825,0 | |||||
жұмыртқа | 3 шт. | |||||
6 | Жұмыртқа | 1 шт. | ірімшік | 33,0 | ||
қаймақ | 40,0 | |||||
сүзбе | 80,0 | |||||
7 | Басы алынған балық | 100,0 | ет | 67,0 | ||
тұздалған майшабақ | 100,0 | |||||
балықтың жон еті | 70,0 | |||||
сүзбе | 168,0 | |||||
ірімшік | 50,0 | |||||
8 | Жемістер | 100,0 | жеміс-жидек шырыны | 100,0 | ||
кептірілген алма | 20,0 | |||||
кептірілген өрік | 8,0 | |||||
қара өрік | 17,0 | |||||
жүзім | 22,0 | |||||
қарбыз | 300,0 | |||||
қауын | 200,0 | |||||
"Білім беру объектілеріне | ||||||
Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы
1-нысан | |||||||||
Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің келіп түскен күні мен сағаты | Тамақ өнімдерінің атауы | Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің саны (килограммен, литрмен, данамен) | Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін органолептикалық бағалау нәтижелері | Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін өткізудің соңғы мерзімі | Күндер бойынша азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін іс жүзінде өткізу күні мен сағаты | Жауапты адамның Т.А.Ә. (бар болса), қолы | Ескертпе (бар болса)* | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ||
Ескертпе : * Өнімдерді есептен шығару, кері қайтару фактілері және басқалар көрсетіледі.
"С – витаминдеу" журналы
2-нысан | ||||||
Тағамды дайындау күні және сағаты | Тағамның атауы | Қосылған витаминнің жалпы саны | Бір порциядағы "С" витаминінің мөлшері | Жауапты адамның қолы | ||
Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы
3-нысан | ||||||||
Тағамды және аспаздық өнімдерді дайындау күні және сағаты | Тағамның және аспаздық өнімнің атауы | Тағамның және аспаздық өнімнің дайындық дәрежесін қоса алғанда, органолептикалық бағалау | Өткізуге рұқсат ету (уақыты) | Жауапты орындаушы (Т.А.Ә.) (бар болса, лауазымы) | Бракераж жүргізген адамның Т.А.Ә. (бар болса) | Ескертпе | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Ескертпе: 7-бағанда дайын өнімді өткізуге тыйым салу фактілері көрсетіледі.
Ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері
4-нысан | ||||||||||||||||||||
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Лауазымы | айы / күндері | |||||||||||||||||
1* | 2 | 3 | 4 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15… 30 | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |||||
Ескертпе: *дені сау, ауру, жұмыстан шеттетілді, санация жүргізілді, еңбек демалысы, демалыс
_________ жылғы ___ айына тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі
5-нысан | ||||||||||||
№ | Тамақ өнімінің атауы | Тамақ өнімінің бір адамға граммен алғандығы г (брутто) нормасы* | Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода, граммен алғанда іс жүзінде өнім берілді және (немесе) тамақтанатындар саны | 10 күнде 1 адамға бруттомен алғанда барлығы тамақ өнімі берілді | Орташа алғанда 1 адамға күніне | % (+/-)-да нормадан ауытқу | ||||||
1 | 2 | 3 | ... | 10 | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Ескертпе: _______________________________________________________
"Білім беру объектілеріне |