19
май
2023
«Мектебіміз буллингке қарсы!»
2023 жылдың 19 мамырында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Менің мектебім буллингке қарсы!» республикалық акциясы аясында флешмоб өткізілді. Флешмобқа 7-8 сынып оқушыларынан жалпы 110-ға жуық оқушы қатысты. Флешмоб шарасының мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу, достық, өзара түсіністік, сыйластық, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу. Флешмоб оқушылардың «Мектебіміз буллингке қарсы!» ұранымен аяқталды.