04
май
2023
"Еркін ел ұрпағы"
2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11.00-де Иван Трубицын атындағы №17 ЖОББМГ-да еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу, қазақстандықтардың мемлекеттік тілді сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында Мамыр мерекелері мен Жеңіс күніне орай "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу сағаты өтті.Диктантты мектеп ұжымы мен 8-11сынып оқушылары жазды.