" ТЕМЕКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының "Игі істер мектебі" жобасының жоспарына сәйкес 8 - 9 сынып оқушылары арасында " ТЕМЕКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!" акциясы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға темекі шегу қазіргі таңдағы жасөспірімдердің басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.